ҚАЗ
Бұл карта Қазақстанның түрлі қалаларында өтіп жатқан #САТҚЫНДАР, #СУРРОГАТ және #ЖАТТЫҒУ іс-шараларының барысы туралы өзекті ақпарат береді. Онда синтетикалық заттар тарайтын белсенді орындар (қызыл белгілер), алкоголь сатылатын нүктелер (сары белгілер) және спорт алаңдары (ақ белгілер) көрсетілген. Бұл құрал жұмысымыздың нәтижесін нақты уақыт режимінде бақылап, әр бағыт бойынша жалпы ахуалды көруге мүмкіндік береді.
«САТҚЫНДАР» науқаны біздің қоғамды және жас ұрпақтың өмірін бұзумен айналысып жүрген есірткі сатушыларымен (закладчиктермен) күресуге бағытталған. Қолжетімді әрі жастар арасында танымал болған МДПВ сияқты синтетикалық препараттар тез тәуелділікке және қайтымсыз салдарға әкеледі. Бұл заттар адамның деградациясына әкеліп, отбасыларды бұзады және біздің қоғамды болашақтан айырады.

Науқанның әрбір қатысушысы өз қаласындағы есірткі трафигіне қарсы тиімді әрекет ету үшін нақты нұсқауларды алып, қажетті қолдауға ие болады. Біздің қатарымызға қосылыңыз – біз бірлесе отыра адам өліміне әкелетін бұл бизнесті жойып, достарымыз бен жақындарымыздың өмірін сақтай аламыз.
Бұл карта Қазақстанның түрлі қалаларындағы «САТҚЫНДАР» науқанының жұмысы туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Картадан анықталған «синтетика» белсенді тарату нүктелері туралы мәліметтерді көруге болады. Карта дилерлердің QR-кодтары қай жерде табылғанынан бастап, уақыт пен орын бойынша белсенділікті талдауға дейінгі біздің жұмысымыздың нәтижелерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
QR-КОДТАРДЫҢ КАРТАСЫ
Кампания «САТҚЫНДАР» направлена на борьбу с закладчиками, разрушающих наше общество и жизнь молодого поколения. Синтетические наркотики, такие как МДПВ, стали доступными и пользуются популярностью среди молодежи, вызывая быстрое привыкание и необратимые последствия. Эти вещества приводят к деградации человека, разрушают семьи и лишают будущеего наше общество.

Каждый участник кампании получает четкие инструкции и поддержку, чтобы эффективно действовать против наркотрафика в своём городе. Присоединяйтесь к нам — вместе мы сможем подорвать этот смертоносный бизнес и спасти жизни наших друзей и близких.
Данная карта предоставляет актуальную информацию о работе кампании «САТҚЫНДАР» в разных городах Казахстана. На карте отображаются данные о выявленных активных точках распространения «синтетики». Карта позволяет в реальном времени следить за результатами нашей работы — от того, где были обнаружены QR-коды дилеров, до анализа активности по времени и месту.
КАРТА QR-КОДОВ
#САТҚЫНДАР іс-шарасы туралы
#САТҚЫНДАР іс-шарасы қоғамымызды ішінен ірітіп, жас ұрпақтың өмірін қиып жатқан есірткі жасырушылармен («закладчиктермен») күресуге бағытталған. МДПВ (метилендиоксипировалерон) секілді синтетикалық есірткілер қолжетімді болып, жастар арасында тез таралуда. Олар жылдам тәуелділік тудырып, адамды азғындатады, отбасыларды күйретіп, қоғамымызды болашағынан айырады.

Іс-шараның әрбір қатысушысына өз қаласындағы есірткі тасымалына қарсы тиімді әрекет ету үшін нақты нұсқаулықтар мен қолдау көрсетіледі. Бізге қосылыңыздар — бұл қатерлі бизнестің жолын бірге кесіп, жақындарымыз бен достарымыздың өмірін сақтап қалайық.
#СУРРОГАТ іс-шарасы туралы

Қазақстанда жыл сайын алкогольді бөлшек саудада сатуға 6,5 мыңға жуық, ал көтерме саудаға 200-ден астам лицензия беріледі. 20 миллион халқы бар ел үшін бұл — ішімдіктің кез келген елді мекенде барынша қолжетімді болуы деген сөз. Сонымен қатар, сату нүктелерінің саны ешбір шектеусіз артып келеді. Бұл сырт көзге нарықтың дамуы болып көрінгенімен, мұндай өсімнің артында үлкен қауіп тұр. Ресми статистика ішімдік тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың күрт артқанын растап отыр.

#СУРРОГАТ іс-шарасы аясында «Дала Қырандары» жасақтары ел бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтап жатыр. Жұмыс барысында біз күрделі мәселенің куәсі болдық: жаппай суррогат өнімдерін сату және 21 жасқа толмағандарға ішімдік беру деректері жиі тіркелуде. Әсіресе, мұндай нүктелердің көбі мектептерден небәрі 10 метр жерде орналасқаны қатты алаңдатады. Бұл қолданыстағы бақылау тетіктерінің тиімсіздігін немесе мүлдем істемейтінін дәлелдейді. Нәтижесінде жастардың ішімдікке еркін қол жеткізуіне қауіпті орта қалыптасып отыр.
#ЖАТТЫҒУ іс-шарасы туралы

#ЖАТТЫҒУ іс-шарасының негізгі міндеті — өз ауласының қауіпсіздігі мен жайлылығына бейжай қарамайтын жандардың басын біріктіру.
Өзгеріс неден басталады?
Біздің мақсатымыз — жастарға оң өзгерістерді қарапайым қадамдардан бастауға болатынын көрсету. Мысалы, ауладағы спорт алаңынан. Күтіп ұсталған әрі қауіпсіз алаң тұрғындардың жиналатын орталығына және ауланы жайлы етудің алғашқы қадамына айнала алады.
Қауіпсіздік — басты басымдығымыз
Біз үшін мына мәселелер өте маңызды:
тренажерлар бұзылмаған және балаларға қауіп төндірмейтін болуы керек;
алаңдарда ішімдік ішілмеуі және қоқыс тасталмауы тиіс.
Бұл үшін аула алаңдарының жай-күйін күнделікті пайдаланатын тұрғындардың өздері қадағалайтын мәдени үрдіс қалыптастыру қажет.
Іс-шара аясында біз жастарға өз ауласында қалай тәртіп орнатып, оны қауіпсіз, таза әрі тартымды етуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, түсіндіреміз.
Бізді қолдағандар