ҚАЗ
Бұл карта Қазақстанның түрлі қалаларындағы «САТҚЫНДАР» науқанының жұмысы туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Картадан анықталған «синтетика» белсенді тарату нүктелері туралы мәліметтерді көруге болады. Карта дилерлердің QR-кодтары қай жерде табылғанынан бастап, уақыт пен орын бойынша белсенділікті талдауға дейінгі біздің жұмысымыздың нәтижелерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
«САТҚЫНДАР» науқаны біздің қоғамды және жас ұрпақтың өмірін бұзумен айналысып жүрген есірткі сатушыларымен (закладчиктермен) күресуге бағытталған. Қолжетімді әрі жастар арасында танымал болған МДПВ сияқты синтетикалық препараттар тез тәуелділікке және қайтымсыз салдарға әкеледі. Бұл заттар адамның деградациясына әкеліп, отбасыларды бұзады және біздің қоғамды болашақтан айырады.

Науқанның әрбір қатысушысы өз қаласындағы есірткі трафигіне қарсы тиімді әрекет ету үшін нақты нұсқауларды алып, қажетті қолдауға ие болады. Біздің қатарымызға қосылыңыз – біз бірлесе отыра адам өліміне әкелетін бұл бизнесті жойып, достарымыз бен жақындарымыздың өмірін сақтай аламыз.

QR-КОДТАРДЫҢ КАРТАСЫ
Кампания «САТҚЫНДАР» направлена на борьбу с закладчиками, разрушающих наше общество и жизнь молодого поколения. Синтетические наркотики, такие как МДПВ, стали доступными и пользуются популярностью среди молодежи, вызывая быстрое привыкание и необратимые последствия. Эти вещества приводят к деградации человека, разрушают семьи и лишают будущеего наше общество.

Каждый участник кампании получает четкие инструкции и поддержку, чтобы эффективно действовать против наркотрафика в своём городе. Присоединяйтесь к нам — вместе мы сможем подорвать этот смертоносный бизнес и спасти жизни наших друзей и близких.
Данная карта предоставляет актуальную информацию о работе кампании «САТҚЫНДАР» в разных городах Казахстана. На карте отображаются данные о выявленных активных точках распространения «синтетики». Карта позволяет в реальном времени следить за результатами нашей работы — от того, где были обнаружены QR-коды дилеров, до анализа активности по времени и месту.
КАРТА QR-КОДОВ
«САТҚЫНДАР» науқаны біздің қоғамды және жас ұрпақтың өмірін бұзумен айналысып жүрген есірткі сатушыларымен (закладчиктермен) күресуге бағытталған. Қолжетімді әрі жастар арасында танымал болған МДПВ сияқты синтетикалық препараттар тез тәуелділікке және қайтымсыз салдарға әкеледі. Бұл заттар адамның деградациясына әкеліп, отбасыларды бұзады және біздің қоғамды болашақтан айырады.

Науқанның әрбір қатысушысы өз қаласындағы есірткі трафигіне қарсы тиімді әрекет ету үшін нақты нұсқауларды алып, қажетті қолдауға ие болады. Біздің қатарымызға қосылыңыз – біз бірлесе отыра адам өліміне әкелетін бұл бизнесті жойып, достарымыз бен жақындарымыздың өмірін сақтай аламыз.
«САТҚЫНДАР» туралы
Бізді қолдағандар
Бүгінгі таңда «синтетика» кез-келген көшеде көруге болатын QR-кодтар және ғаламтор арқылы оңай таралуда. Химия өнеркәсібінің дамуы мұндай есірткінің жастар үшін арзан әрі қолжетімді етсе, жылдар өткен сайын дистрибьюторлардың жасы жасарып келеді.

Есірткі таратушылар қолданатын Telegram-арналармен күресу – «синтетиканың» жастарға қолжетімділігін жоюдың ең тиімді тәсілі. Біз «САТҚЫНДАР» науқаны барысында есірткі таратушылардың QR-кодтарын өз нұсқамызға алмастырамыз. Есірткіні сатып алмақ болған ықтимал нашақор жалған QR-кодты сканерлеген кезде, біз оны бірден бақылауымызға алып, жеке деректерді қауіпсіздік қызметкерлеріне жібереміз.

Бұл әдіс есірткінің таралу схемасын бұзып, дилерлерге көптеген кедергілер тудырады.

Сонымен қатар, «синтетиканы» сату үшін пайдаланылатын арналарды/боттарды/пабликтерді бұғаттауға көмектесетін Telegram әкімшілігімен ынтымақтастық орнату науқанымыздың маңызды бөлігі болып табылады.

Осы ынтымақтастықтың арқасында Telegram мұндай ресурстарды жауып қана қоймайды, сонымен бірге құқық қорғау органдарына* бұл қылмыстық әрекеттерді бақылауға қажетті ақпараттармен бөліседі.

Бұл ынтымақтастық бізге мессенджердің көмегімен қылмыстық әрекеттерді анықтауға және есірткінің платформа арқылы таратылуына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

*«САТҚЫНДАР» науқаны аясында барлық іс-шараларды жүзеге асыру барысында біз Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасын қатаң сақтаймыз.

Telegram-мен ынтымақтастық